logo

Авторлық құқық дегеніміз не?

Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына (сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларға), ал көбінесе авторлық құқықпен қатар жүретін сабақтас құқықтар эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының қойылымдарына, орындауларына, фонограммаларына, хабарларына қолданылады.
 
Авторлық құқық авторлық құқық объектісі мемлекеттік тіркелгеннен кейін емес, туынды жасалған кезде пайда болады. Әрбір картинаңызға, әніңізге немесе өлеңіңізге авторлық құқықты тіркеу үшін мемлекеттік органға жүгірудің қажеті жоқ. Бірақ аса маңызды туындыларды неғұрлым сенімді қорғау үшін, әрине, авторлық құқық объектілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, бұл көп шығынды талап етпейді.
 
Авторлық құқық аталған туындыларға, егер олар мақсатына, мазмұны мен қадір-қасиетіне қарамастан, шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылса ғана қолданылады. Егер сіз және сіздің серіктесіңіз роман жазған болса, сіз мәтінді толықтай жазып, ал серіктесңіз тек қағаз бетіне шығарып және баспалармен келіскен болса, онда сіз тек автор боласыз, өйткені сіздің серіктесіңіз ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысқан, бірақ шығармашылық қызметпен емес.
 
Тағы бір маңызды мәселе: шығарма қандай да бір объективті түрде жазылуы керек: роман – қағазда, музыка – компакт-дискіде, көлемдік-кеңістіктік шығарма – мүсінде.  Өзіңіздің ойыңызда құралған дүние, қағаз бетіне түспейніше, авторлық құқық объектісі бола алмайды.
 
Сонымен қатар, идеялар мен тұжырымдамаларға авторлық құқық қолданылмайды. Біреумен перспективалық идеяны іс жүзінде өзіңіз  жүзеге асырмай бөлісе отырып, сіз оны басқа автордың қалай жүзеге асыра алатынын және одан ақша таба алатынын көру қаупін тудырасыз.
 
 Фото: https://pixabay.com/