Ең алдымен брендіңізді (тауар белгісін) тіркеңіз, өйткені бұл сіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырып қана қоймай, сонымен қатар сізді жосықсыз бәсекелестіктен қорғайды.
Тіркелгеннен кейін сіздің алдыңызда қандай мүмкіндіктер ашылады?
* Маркетплейстерге шығу мүмкіндігі: соңғы тенденциялар бойынша көптеген нарықтарда тауар белгісіне куәлік сұрай бастайды, сонымен қатар бұл сіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңізді басқалардан өзгешелеуге көмектеседі;
* Франчайзингті іске қосу мүмкіндігі: франшизаны сату кезінде зияткерлік меншік объектілері (фирмалық атауы, тауар белгісі және т.б.) беріледі және бұған дейін дау туындаған кезде тауар белгісіне құқық басқа тұлғаға ауыспауы үшін өзіңізді қорғау қажет.
* Кеденде қорғау мүмкіндігі: тауар белгісі арнайы тізілімге енгізіледі, содан кейін таңбаланған тауарды шекара арқылы тасымалдау үшін сіздің рұқсатыңыз қажет болады, бұл контрафактілік тауарларды анықтаудың және құқық бұзушылық әрекеттерін анықтаудың тиімді әдісі;
* Белгіні маңдайшаларға және сыртқы жарнамаларға орналастыру мүмкіндігі: бұл тауар белгіңізді көпшілікке танымал болу мүмкіндігін арттырады.
Тауар белгісін қалай қорғауға болады?
* Тіркелген тауар белгісінің рұқсатынсыз пайдаланған кезде өтемақы өндіріп алу;
* Контрафактіні жоюға мәжбүрлеу;
* Құқық бұзушылардың тауарларындағы тауар белгісі туралы барлық ескертулерді жоюға мәжбүрлеу.
Біздің ұсынысымыз:
* Тауар белгісін тіркеу алдын алдын ала тегін тексеру;
* Тауар таңбасын тіркеуге өтінім беру туралы кеңес беру және өтінім беру кезінде толықтай көмектесу.
Фото: https://pixabay.com/