logo

Сіз өзіңіздің атыңыз бен тегіңізді қорғағыңыз келеді ме?

Сіз өзіңіздің атыңыз бен тегіңізді қорғағыңыз келеді ме?
Аты-жөніңізді тауар белгісі ретінде тіркеу арқылы қорғауға болады.
Танымал адамдар өздерінің инициалдарын тауар белгісі ретінде тіркейтінін білесіз бе, мысалы, әйгілі футболшы Лионель Месси сияқты. 2011 жылы ол Еуропалық Одақта, содан кейін басқа елдерде өзінің аты-жөнін тауар белгісі ретінде тіркеуге өтінім берген.
Тағы бір танымал футболшы Неймар өзінің есімін тауар белгісі ретінде тіркеген құқық иеленушіге, тіркеуді жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгінген. Еуропалық сот тіркеуді жарамсыз деп танып, ал бұл құқық иеленушінің жасаған әрекеттерін жосықсыз деп таныды.
Алыс шетелдердің жұлдыздары ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің атақты адамдары, мысалы, Алла Пугачева, Тимати және басқалар өздерінің аттарын тауар белгісі ретінде тіркеген.
Біздің елде де әнші Қайрат Нұртастың есімі біздің көмегіміз арқылы тіркелген болатын.
Егер сіздің атыңыз жеткілікті түрде атақты деп санасыңыз және сіз оны басқалардың коммерциялық мақсатта пайдалануын қаламасаңыз, онда сіз тауар белгісі ретінде тіркеу сияқты қорғаныс әдісін қолдана аласызі. Сіз үшін "ARBIS" заң фирмасының мамандары әрдайым көмектесуге дайын!
 
Фото: https://pixabay.com/