Мобильді қосымшаны әзірлеген астаналық технологиялық компания Ресейдегі бәсекелесінен шағым алған. Біздің клиенттің жарнамасы Ресейде пайда бола бастаған, сонымен қатар екі компанияныңда мобильді қосымшалар ұқсас екендігі анықталған. Бірақ ең маңыздысы екеуініңде тауар белгілері бір біріне өте ұқсас болған. Ал өз өнімдерін басқа біреудің тауар белгісіне ұқсас белгімен жарнамалау, ал бұл іс жүзінде басқа біреудің тауар белгісін пайдалану болып саналады, яғни бұл заңсыз әрекет.
Біз Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алаңында ресейліктермен кездесіп, жағдайды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндіктерін талқыладық. Ресейлік компания біздің клиентіміздің Ресей нарығынан бас тартқанына қуанышты болса да, бірақ бәсекелестік еркіндігін ешкім шектеген жоқ. Сондықтан, олар біздің клиенттен оның тауар белгісін, ресейлік белгіге өте ұқсас болғандықтан пайдаланбауын талап етті.
Клиенттің мүддесі бойынша тауар белгісін ауыстыруға келсім бердік. Өйткені оның бағдарламалық өнімі жоғары сапалы болғандықтан және де ол тұтынушылардың қазақстандық компанияның қосымшасын бәсекелестердің қосымшасымен шатастыруын қаламады.
Қазіргі таңда клиенттің жаңа тауар белгісі тіркелу үстінде, ол ресейлік брендтен мүлдем өзгеше. Ресейліктер өз талаптарын алып тастап, ЕЭК барлық іс жүргізуді тоқтатты және клиентке жауапқа тартылу қаупі жойылды (азаматтық-құқықтық, әкімшілік немесе қылмыстық).
Ең бастысы, енді біздің клиент өз брендімен және қазақстандық мобильді қосымшамен Ресей нарығына еш қиындықсыз кіре алады. Бұл істі біздің фирмада басшының орынбасары Динара Оспанова жүргізді.