Тауар белгісін тіркеудің 3 себебі
Өкінішке орай, кәсіпкерлер әрдайым брендті тіркеу туралы уақтылы ойлана бермейді. Көбінесе олар шұғыл қажеттілік туындаған кезде, мысалы, бәсекелес тауар белгісін көшіре бастағанда тірке қажет екендігін түсінеді.
Тауар белгісін әлі тіркемеген болсаңыз, тіркеу не үшін қажет екендігі туралы 3 себепті талдап көрейк.
1. Тауар белгісі сіз көрсететін қызмет түрлеріне не тауарларға сенімді арттыра бастайды. Барлығы Apple, Samsung, Nike сияқты брендтерді біледі. Бұл өз тауарларының сапасымен ерекшеленетін өндірушілер. Жаңа брендтің смартфонына қарағанда танымал брендтің жаңа смартфон моделін таңдау ықтималдығы жоғары екендігі анық.
2. Тауар белгісі сізге және сіздің бизнесіңізге ақша әкелуі мүмкін. Ол қалай деп сұрасаңыз? Тауар белгісін лицензиялау немесе сату арқылы. Сіздің брендіңіз танымал және сіз географиялық тұрғыдан бизнесті кеңейтуді қаласаңыз, бірақ оны жасауға қаражатыңыз жеткілікті болмаса, сіздің тауар белгіңізді пайдалану үшін сізге ақша төлейтін серіктестерді тарта аласыз.
3. Тауар белгісін тіркеу сіздің брендіңізді қорғауды қамтамасыз етеді. Әрине, cіз тіркелмеген брендпен өз тауарларыңызды сата аласыз, қызмет көрсете аласыз. Алайда, егер сіздің брендіңізді бәсекелестеріңіз көшіріп және сіздің беделіңізді өз мүдделерінде пайдаланса, брендіңіз ресми тіркелмегендіктен заң жүзінде оны қорғай айлмайсыз. Сондықтан да, тауар берлгісін тіркеу, брендті қорғауды толық қамтамасыз етеді.
"ARBIS" Заң фирмасы сізге тауар білгісін тіркеуде басынан аяғына дейін көмек корсетуге дайын!
Фото: https://pixabay.com/