logo

LegalTech

Заңгерлердің, кеңсенің, кадрлар бөлімінің жұмысы 50% құжаттардың шаблондарын толтыру, оларды келісу және өзге де рәсімдер сияқты күнделікті операциялардан тұрады.
Біз бұл жұмысты жаңа технологияларды қолдана отырып оңтайландыруға дайынбыз!
Сіздердің назарларыңызға автоматтандыруға арналған жүйелерді ұсынамыз:

- Datcom – Сіздің серверіңізде толығымен локализацияланған, заңдық маңызы бар құжаттарға қол қоюдың және олардың айналымының бірегей механизмі! Құжаттарға қол қойылған және бақылауыңыздан тыс сақталған әртүрлі бұлттық шешімдермен байланысты барлық тәуекелдерді жояды.
 
 
- ProBono www.probono.kz – заң құжаттарының онлайн-конструкторы (Pro bono латын тілінде «ақысыз негізде кәсіби көмек көрсету» дегенді білдіреді). Қазіргі уақытта сотқа алимент өндіріп алу туралы тегін онлайн-конструктор жұмыс істейді.