Біздің заң фирмасы авторлық құқықтың 119-дан астам объектісін сәтті куәлік алумен тіркеді.
Біреудің туындысын (мобильді қолданбалар, кітаптар, өлеңдер, әндер және басқа контент) «ұрлау» - бұл заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған қарапайым құқық бұзушылық. Автордың және (немесе) құқық иеленушінің келісімінсіз кез келген пайдалану заңсыз болып табылады.
Сотта авторлық құқықты қорғау кезінде, біздің сот жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзіңізді қорғап, авторлықты куәландыратын құжатты – куәлікті алған дұрыс. Бұл куәлік мемлекеттік органдармен жұмыс істеу кезінде, мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде жиі қажет. Қазақстанда авторлық құқықтарды тіркеу және қорғау авторлық құқық иелері үшін өте маңызды.
Авторлық құқық объектілері қандай?
Авторлық құқық объектілері:
-
ЭЕМ арналған бағдарламалар (мобильді қолданбалар, бағдарламалық қамтамасыз ету).
-
Драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар.
-
Сценарий туындылары.
-
Хореография және пантомима туындылары.
-
Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар.
-
Аудиовизуалды туындылар.
-
Кескіндеме, мүсін, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары.
-
Қолданбалы өнер туындылары.
-
Сәулет, қала құрылысы, дизайн және бақ-саябақ өнерінің туындылары.
-
Фотографиялық туындылар және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар.
-
Карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар.
-
Әдеби шығармалар.
-
Басқа туындылар.
ARBIS заң фирмасы қысқа мерзімде кез келген авторлық құқық объектісін тіркеуге көмектеседі. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Қазақстан Республикасының басқа қалаларында авторлық құқықты қорғауды тәжірибелі заңгерлеріміз жүзеге асырады.
Өтінім қалдырыңыз, және біз Сіздің туындыңызға авторлық құқықты тіркеу құны мен мерзімін есептейміз.