logo

Патенттер

«АБРИС» заң фирмасы Қазақстанда және шетелде өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу бойынша «барлығы қосылған» және «толық аяқталған» қағидаттары бойынша қызмет көрсетеді.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер жатады. Өнеркәсіптік меншік объектілердің құқықтары патентпен қорғалады, ол тіркеуші орган жүргізген сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.
Автор – шығармашылық еңбегімен өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі жасаған жеке тұлға. Егер өнеркәсіптік меншік объектісін құруға бірнеше жеке тұлға қатысса, олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып есептеледі. Бірлескен авторларға тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі, олардың арасындағы келісіммен айқындалады.

Патент иеленуші – патент иесі. Олар автордың өзі немесе автордың жұмыс берушісі, бірлескен автор және құқық иеленуші бола алады, егер олардың арасында келісім болған жағдайда.

Өнеркәсіптік меншік объектісіне патент алған жағдайда, патент иеленушіге қорғалатын объектіні өз қалауы бойынша пайдалануға ерекше құқық беріледі.
Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану - өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі бар өнімді дайындау, пайдалану, әкелу, сатуға ұсыну, өткізу, азаматтық айналымға өзге де енгізу немесе осы мақсатта сақтау деп танылады.
 
ARBIS заң фирмасы сізді қызықтыратын елдерде халықаралық патенттік тіркеуді жүзеге асырады. Біздің көмегімізбен сіз Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Қазақстанның және әлемнің басқа қалаларында өнертабысқа және пайдалы модельге патент ала аласыз.
 
Өтінім қалдырыңыз, және біз сізге патенттеу құны мен мерзімін есептеу үшін хабарласамыз.

Бізге жазыңыз

Өтінім қалдырып, тегін кеңес алыңыз! Біздің мамандар жақын арада сізге қоңырау шалады.