«Франчайзинг» немесе «Франшиза» – іскерлік ортада жиі естілетін терминдер. KFC, McDonald ‘ s, Starbucks, Dodo Pizza және т. б. сол сияқты тамақтану саласындағы алыптар франчайзингтердің танымал иелері болып табылады.

Франшиза тек тамақтану саласында ғана емес, сондай-ақ қызметтер мен тауарлар өндірісінің кез келген саласында сәтті енгізілуі мүмкін. Ерте ме, кеш пе, әр кәсіпкер өз бизнесін кеңейту және жаңа нарықтарды дамыту туралы ойлана бастайды. Осы уақытта мұны қалай дұрыс жасау керек және ол үшін не қажет деген сұрақ туындайды.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) – бұл айрықша құқықтар кешенінің құқық иесі (Франчайзер) оны басқа тұлғаға (Франчайзи) өтеулі негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Айрықша құқықтар кешені (лицензиялық кешен) – бірқатар зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар (тауар белгісі, фирмалық атауы, қызмет көрсету белгісі, патент, ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау)).

Біздің заңгерлік фирмамыздың мамандары франчайзинг үшін зияткерлік меншік объектілерін (тауар белгісі, авторлық құқық, патент) тіркеуден бастап мәмілені заңды ресімдеуге дейін – кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын дайындап, оны тіркеуші органда тіркеуге дейін заң қызметтерін көрсетуге қуанышты болады.

Қосымша қызметтер

Ұйымда «коммерциялық құпия режимін» енгізу.

Команда мүшелері

Өтініш қалдырыңыз

Қызмет құны мен шарттарын есептеу үшін сізбен хабарласамыз.